С.Еңсегенов исатайлықтарға есеп берді

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов жұмыс сапарымен Исатай ауданында болды.

Биыл депутаттық мерзімі аяқталатын сенатор халықпен кездесу барысында екі шақырылым бойы депутат болған жылдар ішінде атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп, өзіне әркез қолдау білдірген аудан жұртшылығына алғысын білдірді.

img_1387

«Көпбалалы аналар мәселесі, табысы аз қызметкерлердің салықтық төлемдерінің жеңілдеуі, «Педагогтар мәртебесі туралы» заң қабылдай отыра, мұғалімдер еңбекақысы мен студентттер шәкіртақысын көтеру, кәсіпкерлерді үш жылға дейін табыс салығынан босату» жөнінде көптеген мәселелердің Сенат қабырғасында талқыланып, қолданыстағы заңнамаға енгізілуіне көп күш салдық» деген сенатордың басқасын айтпағанда, біздің өңірге тікелей қатысы бар «Атырау-Астрахан» тас жолына құрылысы жұмысына қаржы бөлу мәселесімен тікелей айналысқанын ел-жұрт біледі. Сонымен бірге Нарын құмында ғана өсетін құмаршық өсімдігінің де ашаршылық кезінде өлкедегі ел-жұртты аштықтан аман алып қалғаны үшін С.Еңсегеновтың араласуымен облыс орталығында белгі де қойылды.

i

«Санаулы күндерден кейін өткелі отырған сайлауда Атырау облысынан үш үміткер бағын сынағалы отыр. Ішінен оза шауып, менің орныма депутат болып сайланатын азамат та адал қызмет атқарады деп сенемін» деген депутат исатайлықтарды қазіргідей індет жайлап тұрған шақта тәртіпке бағынып, індетті бірлесе жеңуге шақырды.

Жиын соңында сөз алған аудан әкімі М.Мурзиев пен аудандық мәслихат хатшысы Н.Мұханбеталиев және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Құлғалиева сенаторға алғыстарын білдірді.

Аслан МҰРАТОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521