Сүйінші! Исатай ауданының екі оқушысы республикалық байқаудан жүлдегер атанды

Республикалық «Мағжан оқулары» байқауынан 3 бағыт бойынша Атырау облысынан қатысқан 3 оқушы да олжалы болды.

Бұл туралы Новобогат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бибігүл Төлеуова әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жариялады.

Қызылқоға ауданы Мұқыр орта мектебінің 10-класс оқушысы Сисенбай Нұрай Жайлауқызы «Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша ГРАН ПРИ жеңіп алса, жерлестеріміз Исатай ауданы Исатай орта мектебінің 10 сынып оқушысы Елеусінов Бекзат Қанатұлы «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» номинациясы бойынша 1-орынға ие болды. Ал, Новобогат орта мектебінің 8-класс оқушысы Шахай Ләззат Жұмабайқызы «Толқынмен толқын сырласып...» номинациясы бойынша 3 орынға қол жеткізді.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521