Сәби Диляраға ел болып көмектесейік!

Перзент – бауыр етің, жан жүрегің, жұлының, жалғасың, бүкіл арман-мақсатыңның ізгі қадамы, жұпар ауасы, мөлдір кәусәрі деп тізе беруге болады.

Алланың берген сыйы, ата-анасының осындай бауыр еті баласы аяқ астынан дертке душар болса, дүние көз алдыңызда төңкеріліп түскендей, барлығы күйрегендей тынысың тарылып, жер-көкке сыймай ауа қарманып, жан-жағыңнан жәрдем тілеп, көмек қолын, жанашыр адам іздейтінің бар. Алладан сабыр қылсаң да мазадан айырыласың.

Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылының тұрғыны 8 айлық Айғали Диляра Жеткіншекқызының бас сүйектері тігістерінің ерте жабылуы оның дамуына кері әсерін тигізіп жатыр. Кішкентай Диляраның ата-анасы ендігі кезекте көршілес Ресей мемлекетінде бауыр еті перзенттерінің бас сүйегіне жасалатын отадан үміт күтіп отыр. Ал, отаның құны 10 млн теңгені құрайды. Бұл бір ғана отбасы үшін өте қомақты қаржы. Бұл тек бір ата-ананың басына түскен ауыр сын емес. Жомарт жүрек ағайын, қолымыздан келгенше кішкентай Диляраның осы дерттен аман-есен емделіп шығуына қол ұшымызды созайық. Қасиетті Рамазан айында сіз бен біздің бұл қайырымдылығымызды Алла сауапқа жазар, бір отбасына осындай қиын жағдайда жанашырлық танытып, көмек берсек, ол адамгершілігіміздің белгісі.

Сәл көмегіміздің өзі тап қазір шыбын жаны өмір үшін күресіп жатқан Диляражанға зор демеу, ата-анасына қолдау. Диляраның ата-анасына, ет жақындарына жанашырлығымызды білдіріп, үміт сыйлайық! Қасиетті айдағы әр ақ ниет, әр жақсы істің сауабы өлшеусіз!

Назарларыңызға сәбидің Асылханым есімді анасының есеп шотын ұсынып отырмыз. Сол арқылы көмек қолдарыңызды соза аласыздар!

Kaspi Gold: 8702 943 36 97 Асылханым Т

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521