Сабырымыз серік болсын

Қай кезеңде де, қандай қиындық келсе де қасқайып қарсы тұра білген батыр халықпыз.

Осы бір індеттің салдарынан асыл жандардан айырылып, қайғы жұтқан халқымды сабырлыққа және барымызды қадірлеуге шақырамын.

Бүгін, яғни, шілде айының 13-жұлдызын коронавирус індетінен қайтыс болған жандарды аза тұту күні деп белгіленгені бәрімізге аян. Осы бір сұм аурудың кесірінен ажал құшқан жандарды қимастықпен еске аламыз.

Дәл осындай тарихтағы қаралы күннің ұзарып кетпеуіне септігін тигізіп жатқан дәрігерлер қауымына үлкен алғыс білдіреміз. Барша қиындыққа сабырмен қарап, күш-жігерлері таусылмай, осынау індеттің алдына тосқауыл бола алатынына әрине сеніміміз мол.

Жастарымыз да ел басына түскен қиындықты жеңуге үлесін қосып, бейбіт пен еркіндіктің тұғырын еңсеруге, әсте дайын.

Жансая Рысқалиева,

Исатай аудандық жастар ресурсы орталығының басшысының міндетін атқарушы

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521