Сайлауларда талай заңбұзушылық болды – Башимов

Бұл туралы «Адал сайлау үшін» штабының мүшесі, заңгер Марат Башимов аталған штаб мүшелерімен өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

 

Ол Қазақстанда өткен президент сайлауының бірінде Ұлттық кітапхана қызметкері кімге дауыс бергенін түсіріп, басшылығына есеп беріп жатқанын өз көзімен көргенін айтады. Ал заң бойынша дауыс беруші кімге дауыс бергені құпия ақпарат болып саналады.  

Ескі Қазақстанда өткен сайлауларда талай заңбұзушылық болды ғой. Бір кісіні жауапкершілікке тартқан жоқ. Сол заңбұзушылықтарға қазір көзқарас басқа. Кейбіреулер жауапкершілік бар екенін білмейді. Ал біздің заңда өте қатал жауапкершілік қарастырылған. Мысалы, қылмыстық кодексте фальсификация (шынайы жауапты өтірікпен алмастыру) жасау барысында ұсталсаң, 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бар. Сондықтан заңбұзушылық бар ма, жауапкершілікке тарту керек, - деді заңгер. 

Яғни оның ойынша, заңды бұзуға болмайтынын түсіндіру үшін заң бұзғандарды жауапкершілікке тартып, оны көпшілікке көрсету керек. 

Қазір бәрінде ұялы телефон бар. Мысалы, сайлауға қатысушы телефонмен заңбұзушылықты түсіріп, Орталық сайлау комиссиясы, прокуратураға жіберсе, ал олар заңды орындамай жатса, біз шу көтеруге мүмкіншілігіміз бар, - деді Башимов. 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT