Сайлаушылар тізімін қайдан қарауға болады?

Жергілікті әкімдіктер биылғы 30 қазанға дейін сайлаушылар тізімін акт бойынша барлық учаскелік сайлау комиссияларына тапсырды.

Олардың Атырау аймағындағы саны 409 949 адамды құрады. Ішінде өз өтініштеріне сәйкес тізімге енгізілген өзге өңірлерден 12956 сайлаушы бар.
Сайлаушылар 4 қарашадан бастап азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша құрылған учаскелердегi тізіммен танысуда. Олаға тиiстi сайлау комиссияларының үй-жайларында сайлаушылар жөнiндегi деректердiң дұрыстығын тексеру мүмкiндiгi берiлген. Осы орайда, әр азамат деректердегі қателіктер үшiн шағымдануға құқылы. Сондай-ақ, дауыс беру орны мен уақыты туралы да хабарламалар берілді.
Сайлаушы дауыс беруге келген кезде тізімде болмаса, онлайн сервис арқылы мәліметтерді анықтаған соң, тізімге ене алады. Екінші қызмет түрі – ешбір жерде тіркеуде жоқ, дауыс беру құқығы бар ел азаматына қатысты. Оны сол учаскеге уақытша тіркейді. Жалпы республика бойынша мұндай 181 учаске бар. Атырау облысы бойынша 5 учаске белгіленді.
Сонымен бірге, азаматтарға дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері берілді. 15 қарашадағы мәлімет бойынша 336 сайлаушы осындай құжат алған.
Барлық сайлау учаскелерінде азаматтар өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгенін тексеруге құқылы. Барлығына өздерін сайлаушылар тізімінде тексеру бойынша SMS хабарламалар жібіреілді. Бұл дауыс беру күнінде түсетін өтініштер санын азайту үшін жасалды. Оған мемлекет тарапынан қосымша шығындар қарастырылды. Кешеден бастап екінші рет SMS хабарламалар жіберіп жатырмыз. Біз бүгін жергілікті атқарушы органдарға қате хабарлама алғандар болса, онда оларды анықтап қайта қарауын сұрап, өтініш жолдадық.
Сайлаушылардың тізімі нақтыланғаннан кейін ол «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жіберіледі. Екіншіден, ақпараттық хабарламалар дұрыс болуы керек. Егер қандай да бір қателіктер болса, оларды түзету қажет. Әр сайлауда біз дауыс берушілер тізімінен өзін таба алмайтын адамдар болатынын байқаймыз. Сондықтан, азаматтарға барынша ыңғайлы болу үшін біз сайлау учаскелерінде азаматтардың нақты тұрғылықты жерін тексерудің онлайн сервисін ұйымдастырамыз. Егер азамат басқа қалада тіркелген болса, оны сайлаушылар тізіміне енгізе алмаймыз. Ол үшін сайлаушы 30 күн бұрын өтініш басқа учаскеде дауыс беретінін растап, өтініш беруі тиіс.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521