САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ ПАРЫЗЫ

Мұрат Бектенұлы, Исатай ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, ардагер мұнайшы, жергілікті өлкетанушы:

- Президент сайлауы – ел болашағы үшін жасалып жатқан маңызды қадам. Сол себепті, сайлауға қатысып, жауапкершілік таныту – әр азаматтың парызы. Сайлауда әрбір азамат өз шешімінің, өз дауысының маңыздылығын түсінсе, бұл науқанның да маңызы арта түспек. Сайлау – өзгерістер мен реформалардың бастауы болмақ. Сайлауға қатысу арқылы Президентті ғана таңдап қоймаймыз, бұл біздің жарқын келешегімізге жасаған нақты қадамымыз болып есептеледі.
Қазіргі қоғам өте белсенді. Халық елде болып жатқан процестерге қызығушылық танытады. Сондықтан алдағы шарада да ел бірлігі көрінсе, басты мақсаттың орындалғаны болмақ! Біздің елімізде сайлауға қатысу еркін болса, әлемдік сайлау жүйесінде азаматтық борыш ұстанымына сәйкес міндетті дауыс беру тұжырымдамасы бар, яғни кейбір елдердің Конституциясы мен сайлау заңдарында сайлауда дауыс беру міндетті болып табылады. Осы тұрғыдан келгенде еліміздегі дауыс беру кезіндегі еркіндікті азаматтарымыз дұрыс түсінсе дейсің. Мен де осы қазір ғана жұбайым Ұлдай Ізтілеуова екеуіміз өз таңдауымызды жасадық.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521