Сайлаудың өту барысы – байқаушылар назарында

Бүгін Исатай ауданында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауы өтуде, сайлау учаскелері таңертең уақытымен жұмыстарын бастады. Күн көтерілгеннен бері дауыс берушілердің де қатары артып келеді. 


Өркен елді мекеніндегі №140 учаскесінде де дауыс беру жалғасуда, мұнда 1134 сайлаушы тіркелген. «ДАУЫС» ҚБК өкілі, байқаушы – Эльмира Амирова дауыс берушілердің белсенділін атап өтті.

-Бүгін сайлаушылардың белсенділігі өте жоғары, біздің ұйым бірнеше жыл қатарынан тәуелсіз байқаушылар қызметін атқарып келеді. Тәуелсіз байқаушылар ешқандай кандидаттар үшін, партиялар үшін басымдық бермейміз. Бізге де жүктелген жауапкершілік жоғары. Сайлау учаскесінде сайлау заңдылықтарының сақталуын қадағалау, қандай да бір заңға сәйкес келмейтін әрекетті болдырмау – басты міндетіміз,-дейді ол.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521