Сайлауға ортақ үн қосқан Сариндер отбасы

Бүгін Аққыстау ауылдық округінде өтіп жатқан тікелей сайлау барысында тұрғындар белсенділік танытуда. Солардың қатарында Сариндер отбасы да бар,-деп хабарлайды «Нарын таңы» газеті.

Сарин Мереке – мұнай саласының ардагері, ал жұбайы Жақсымбетова Лариса – денсаулық сақтау саласының ардагері. Екеуі де №142 сайлау учаскесіне арнайы келіп, өз таңдауларын жасады.

– Ауыл әкімінен күтеріміз көп. Ең бастысы – тұрғындардың мұң-мұқтажына құлақ асып, нақты іспен көрінсе екен дейміз, – дейді ардагерлер.

Аталған сайлау учаскесінің төрағасы  Бақтыгүл Сапарғожиева берген мәліметке сүйенсек, сайлаушылар тізімінде 931 адам бар. Оның төртеуі – мүгедектігі бар азамат. Үйден дауыс беру үшін 20 тұрғыннан өтініш келіп түскен.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT