САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН БОЛСАҢЫЗ, САЛҒЫРТТЫҚ ТАНЫТПАҢЫЗ

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» №405 Заңына сәйкес барлық азаматтар сақтандыру жарнасын төлеуге міндетті. Мұны барлық қазақстандықтар сияқты біздің Исатай ауданының тұрғындары да біліп, ұдайы назарда ұстай жүрулері керек.

-МӘМС жүйесінде мәртебеңіз «сақтандырыл-маған» болса, зардабы қандай?

Демек, бұл Сізге кез келген уақытта профилактикалық медициналық тексерулерден өту, консультативтік-диагностикалық көмектерді қабылдау (қымбат зерттеулер, компьютерлік томография, ультра дыбыстық зерттеу және тағы басқа), жоғары мамандандырылған медициналық көмек (үй стационары, күндізгі стационар, тәулік бойы жұмыс істейтін аурухана), медициналық реабилитациядан өтуде кедергі келтіреді.

Сақтандырылмаған болсаңыз Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» №672 Қаулысы негізінде мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек пакетінде медициналық көмекке құқығыңыз бар. Яғни, учаскелік дәрігер, педиатр, жалпы практика дәрігері мамандарының қабылдауы, дәрігерді үйге шақыру, жедел жәрдем, емхана мен стационар деңгейіндегі шұғыл көмек, әлеуметтік маңызы бар, жұқпалы ауруларды, онкологиялық ауруларды емдеу осы пакетке кіреді және сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлығына көрсетіледі.

 

-Өз мәртебеңізді қалай тексеруге болады?

Қордың www.fms.kz ресми сайты арқылы;

Телеграмм каналындағы https://t.me/SaqtandyryBot арқылы азаматтардың қай айға бережағы бар, қай айға төлемдерден босатылған немесе жеңілдіктері туралы ақпаратпен танысуға болады;

Ұялы телефонға Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасын жүктеу арқылы;

Egov.kz жеке кабинетте «Денсаулық сақтау» бөлімі арқылы;

 

-Өз мәртебеңізді «сақтандырылғанға» қалай ауыстыруға болады?

1) Егер Сіз келісімшарт негізінде жұмыс жасасаңыз, немесе жалдамалы жұмысшы болсаңыз, онда ай сайын жалақыңыздың 3% жұмыс берушінің жалақы қорынан және табысыңыздың 2% қорға аударылады.

2) Егер жеке кәсіпкер, шаруа қожалығының иесі болсаңыз, ай сайын ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5%, яғни 4900 теңге қорға аудару қажет.

3) Егер дербес (тәуелсіз) төлеуші болсаңыз, онда ай сайын ең төменгі жалақының 5%, яғни 3500 теңге жарна төлеу қажет.

4) Егер өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат болсаңыз, онда бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеуге болады. БЖТ мөлшері қала тұрғындары үшін 1 айлық есептік көрсеткіш 3450 теңге, ал ауылдық елді мекен тұрғыны болсаңыз, 0,5 АЕК 1725 теңге жарна аудара аласыз. Ескерту, БЖТ өткен айлар үшін қабылданбайды.

 

-Сақтандырылу үшін не жасау  керек, неше айға дейін жарна төлеу қажет?

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңының 5 бабына сәйкес, Сіз жеке кәсіпкер, жалдамалы қызметкер не дербес төлеуші болсаңыз, соңғы 12 айда аударымдар (төлемдер) болуы қажет.

Егер бір немесе бірнеше ай ішінде аударымдар (төлемдер) болмаса, төлем жасалмаған айлар үшін төлеу керек немесе жұмыс берушіңізге барып, бар қарызды өтеуді сұрау керек.

Өткен берешегі бар айлар үшін ең төменгі жалақының 5% төлеуге мүмкіндік болмаған жағдайда Сіз ағымдағы және алдағы үш ай үшін БЖТ төлей аласыз, Сіздің мәртебеңіз төртінші айдан бастап «сақтандырылған» болып өзгеріп, Сіз медициналық қызметті МӘМС шеңберінде ала аласыз. Яғни, БЖТ төлеушілер үшін өткен 12 айларға берешек болмайды, тек БЖТ төлемді үш ай бұрын (қатарынан) төлеу керек. Мысалы: Сіз наурыз, сәуір, мамыр айлары үшін БЖТ төлейсізде, тегін медициналық қызметті тек маусым айынан бастап ала аласыз. Ал маусым айынан бастап әр ай сайын БЖТ төлемін тұрақты түрде төлеуді жалғастыра бересіз.

 

-Сақтандырылу үшін соңғы 12 ай емес, алдағы 12 айға төлеуге болады ма?

Болады, яғни сақтандыру мәртебесін алу үшін алдын ала 12 айға төлем жасауға мүмкіндік береді.

Сіз 12 ай алға жарналарды төлеп, жыл бойы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тізбесіндегі медициналық көмекті ала аласыз. 12 ай алға төлеген соң өткен айларға берешектер шегеріледі.

 

-Жарналарды төлеу әдістері қандай?

Екінші деңгейлі банктер және олардың қосымшалары арқылы Kaspi.kz мобильдік қосымшасы арқылы.

Казпочта АҚ филиалдары арқылы. Kassa 24, QIWI терминалдары арқылы жарналарды төлеуге болады.

 

-МӘМС жүйесі бойынша қосымша сұрақтарды қайдан табуға болады?

Тәулік бойы жұмыс жасайтын 1406 байланыс орталығына соғу арқылы;

Ұялы телефонға Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасын жүктеу арқылы;

Қордың www.fms.kz ресми сайты арқылы.

Қордың Атырау облысы бо-йынша филиалының телефондары: 87122556084, 87122556098

Емхананың (аурухананың) телефоны: 8-(71231)20582/21563

 

Назым ИДРИСОВА,

аудандық аурухананың  бас мейірбикесі

сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521