«Сәл әлсіздік сезіндім». Исатай ауданының әкімі екпе алды

Исатай ауданының әкімі Полымбет Хасанов коронавирусқа қарсы алғашқы екпесін алды.

Екпенің әсері туралы аудан басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Құрметті аудан тұрғындары, достар!

Екпе салдырғаныма бүгін 1 күн уақыт өтті. Түнде сәл әлсіздік сезілгенімен, қазір жоспарлы жұмыстарымды атқарып отырмын. Жағдайым ойдағыдай» дейді аудан әкімі жазбасында. Сондай-ақ ол аты жаман ауруды жеңудің жалғыз жолы екпе деп санайтынын, әлемде, соның ішінде елімізде де, аурулар санының қайта көбейіп, облысымыздың «қызыл аймақта» екенін айтады.

170026888_515529532939703_5645826011777166114_n

«Мен де әріптестеріммен бірге екпе салдырттым. Бұл өзім үшін, жақындарым мен әріптестерімнің денсаулығы үшін маңызды. Егер, сіз де денсаулығыңыз үшін алаңдасаңыз, аудан орталығы, Елорда көшесі №49 үй мекен-жайында орналасқан орталық ауруханаға келіп, екпе алуға шақырамын. Бәріміздің деніміз сау болып, елімізге қызмет еткеніміз абзал. Баршаңызға мықты денсаулық тілеймін!» дейді Полымбет Хасанов парақшасында.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз