Сала қызметі сарапталды

                                           

Бейсенбі күні аудан әкімдігі ғимаратының үлкен мәжіліс залында денсаулық сақтау коллегиясы өтті. Жиынға облыстық Денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Алмагүл Абилова  және аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан,  сондай-ақ, аудан медицина саласының қызметкерлері қатысты.

 

Бұл кездесуде Алмагүл Абилова денсаулық сақтаудың жай-күйі мен проблемаларына жан-жақты талдау жасады. Ол медицина қызметкерлерін қызметтік міндеттерін белгілі нормада орындау қажеттігін, медициналық қызметкерлердің невропотолог, хирург мамандары жетіспейді, солардың санын арттыру, хирургиялық құралдар жиынтығына сұраныс беріп, сол бағыт бойынша белсенділік таныту қажеттігін тілге тиек етті. Жұмысты сапалы жүргізу үшін  аурухананы  заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етудің маңыздылығына  тоқталды.

Сонымен қатар,  аудандық аурухананың директоры Бекболат Қуанышев өткен жылдағы ауданымыз бойынша денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстар туралы айтып өтті. Ауданның денсаулық сақтау саласындағы атқарылған жұмыстарға назар қойған  Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары дәрігерлік қызметті әлі де  жақсарту бағытында қосымша нұсқамалар берді.

 

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521