Сала үздігі Маусым Төлеушова министрлік марапатқа ие болды

 

Республика күні қарсаңында және 24 қазан – Кітапханашылар күні мерекесіне орай мәдениет саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет атқарып келе жатқан Маусым Нәубетқызы Төлеушова Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Хамит Ерғалиев ауылында тұратын Маусым Нәубетқызы 1993 жылдан бері Исатай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде табан аудармастан еңбек етіп келеді. Үш онжылдыққа жуық уақытта ол өз ісіне деген адалдығымен, руханият пен мәдениетке деген сүйіспеншілігімен әріптестеріне үлгі болып келеді.

 

 

Кітапхана — білім мен парасаттың ордасы десек, сол орданың берекесін кіргізіп отырған кітапханашылар еңбегі – қоғам үшін аса қымбат. Маусым Нәубетқызы – осындай рухани байлықтың қазығын ұстап, оқырманмен тығыз байланыс орнатып, жастарды кітапқа баулуға ерекше еңбек етіп жүрген тұлға.

Оның еңбегі аудан көлемінде де, облыс деңгейінде де жоғары бағаланып келеді. Бұл марапат – мәдениет саласын дамытуға қосқан зор үлесі мен көпжылдық қажырлы еңбегінің айғағы.


С.ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT