Сальмонеллез ауруының алдын алу үшін не істеу керек?

Жаз мезгілінде жиі кездесетін жұқпалы ішек ауруларының бірі- сальмонеллез ауруы. Тез бұзылaтын өнімдеpді ұзақ және дұрыс сақтамаған және пайдаланған кезде аурудың ықтималдығы артады және бapлық осы фактоpлар жіті ішек инфекцияларымен, оның ішінде сальмонеллезбен ауруға ықпал етеді.

   Сальмонеллез - асқазан-ішек жолдарын зақымдайтын жіті жұқпалы ауру.  Сальмонеллездің қоздырғышының беpілу меxанизмі - тaғамдық. Сальмонеллездің берілу факторлары азық-түлік өнімдері, ең алдымен ет және ет өнімдері, жұмыртқа және крем өнімдері болып табылады. Үйде жағдайында жұқпа жеткіліксіз өңделген құс етінде, сондай-ақ үйрек немесе тауық жұмыртқасынан жасалған крем өнімдері пaйда болaды. Сальмонеллез қоздыpғышы  ағзаға түскенде жіңішке ішекке қоныстанады және ішек арқылы судың жоғалуына, қан тамырлары тонусының бұзылуына және жүйке жүйесінің зақымдануына ықпал ететін токсинді бөледі.       Сальмонеллез жұқпасының белгілері:aуру жіті басталады: дене қызуы жоғарылайды (ауыр түрлері 39°С және одан жоғары), әлсіздік, бас ауруы, қалтырау, жүректің айнуы, құсу, кіндік аймағында ауырсыну пайда болады, кейіннен нәжістің бұзылyы, айқын интоксикация қосылады.      Сальмонеллезді емдеуде бірнеше бағыттарға бөлінеді: асқазанды және ішекті жуу, көп ыстық тәтті сусын; аурудың ауыр ағымында - тұзды ерітіндіні енгізу (сусызданумен күрес); антибиотиктер.  Диета сақтау (сүт алынып тасталады) - аурудың алғашқы күндері; асқазан ішек жолының қызметі үшін зиянды факторларды (артық жеу, алкогольді және ірі клетчаткаға бай өнімдерді, консервілер мен ысталған өнімдерді, өткір, дәмді және майлы тағамдарды пайдалану) аурудың барлық кезеңінде және сауыққаннан кейін 1 айдан кем емес мерзімде алып тастау.                                                       

    Сондықтан келесі қарапайым ережелерді сақтау қажет: 

- Рұқсат етілмеген сауда орындарында, кездейсоқ адамдардан тамақ өнімдерін, оның ішінде жұмыpтқалapды сатып алмау.

 - Тез бұзылатын тамақ өнімдерін тоңазытқышта "тауарлық көршілік" ережесін сақтауды ескере отырып және рұқсат етілген  мерзімі шегінде сақтау керек. Дайындалған тағамның қалдықтарын қолданар алдында жақсы жылыту қажет.

 - Жұмыртқаны пісірілген (кемінде 10 минут пісіріңіз) немесе екі жағынан мұқият қуырылған күйінде қолданған жөн. Шикі жұмыртқаны ішу ұсынылмайды. 

 - Азық-түліктерді (шикі және пісірілген, көкөніс және ет) бөлу үшін жеке кесу тақтайларын және пышақтарды пайдаланыңыз.

 - Шикі ет пен құстарды бөлгеннен кейін пайдаланылған  тақтайларды, пышақтарды және басқа да жабдықтарды жуу құралы бар ыстық суда немесе ыдыс жуу машинасында мұқият жуыңыз.                                                                                           

- Шикі және дайын тамақ өнімдері арасында байланыс жасамаңыз.

- Жолға тез бұзылатын азық-түлікті алмау керек (құстан жасалған дайын тағамдар, жұмыртқа, кремі бар кондитерлік өнімдері).

- Жеке бас тазалығын қатаң сақтау, тамақ қабылдау, дайындау алдында, даладан келген соң және дәретханадан кейін қолыңызды міндетті түрде сабынмен тазалап, жиі жуып отырыңыз.        

Ата-аналар, есіңізде болсын! Кішкентай балалар сальмонеллез ауруына жиі шалдығады, сондықтан ашылған шырыны бар банкаларды дереу пайдалану керек; емізіктер, бөтелкелер, ойыншықтар, күтім заттарын қайнату қажет.

Өзін-өзі емдеуге болмайды. Ішек ауруының белгілері пайда болған кезде дереу дәрігерге хабарласыңыз, тек дәрігер дұрыс диагноз қойып, ем тағайындап, аурудың асқынуын болдырмай алдын алады.

 

Бекешева Алия Аюпқалиқызы

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521