“Sambo liga” республикалық турнирінде үш жерлесіміз екінші орынды еншіледі

 Астана қаласында өткен 2008-2009ж.т, 2010-2011ж.т, 2012-2013ж.т,  2014-2015жылы туылған жасөспірімдер арасында “sambo liga”республикалық турнирінде 53 келі салмақпен Файзулла Арафат, 30 келі салмақта Шәкі Жанарыс, 64 келі салмақпен Қуанбекұлы Ердәулет  жүлделі ІІ орынды иеленді. 
Айта кетейік бұл турнирге Қызылорда, Қармақшы, БҚО, Байқоңыр, Маңғыстау, Ақтөбе, Жаңаөзен, Шиелі, СҚО, Құлсары, Атырау, Астана қалаларынан командалардан 600-ден астам палуандар қатысқан болатын. 
– Еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған турнирде қатысушылардың осалы жоқ. Дегенмен біздің де шәкірттеріміз оңай шағылатын жаңғақ емес. Дайындық пен жеңіске деген талпыныстың арқасында шәкірттеріміз өз жүлделерін алды. Турнир өз кезегінде  тартысқа толы өтті,-дейді жаттықтырушы Азамат Ғалимов.

Сонымен қатар турнирге шәкірттерді дайындаған жаттықтырушы Ғалимұқан Ғалымов пен Болатбек Сабиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521