САНАЛЫ ҰРПАҚ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ

 

Заң мен тәртіп қағидаты – қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің басты тірегі. Қазіргі таңда жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру – мемлекет пен қоғам алдындағы ортақ міндет. Әсіресе мектеп оқушыларының құқық бұзушылыққа бармауы, түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алу бағытында жүргізілетін түсіндіру жұмыстарының маңызы айрықша.

Осы мақсатта Мектеп-гимназияда профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Кездесу барысында аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Бақытжан Исаев, қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Ержан Мұфтоллаұлы және ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Назерке Жұмалиева оқушылармен ашық форматта әңгіме жүргізді.

– Іс-шара барысында мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері, әлеуметтік желілердегі алаяқтықтан сақтану, есірткі заттарының таралуы мен тұтынуының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігі, ұрлық, буллинг және кибербуллинг мәселелері кеңінен қозғалды. Оқушыларға тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетіліп, нақты мысалдар арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жасөспірімдердің заңды білуі – олардың қауіпсіз болашағының кепілі. Мұндай кездесулер оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, өз өмірі мен айналасына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді,-дейді полиция майоры Бақытжан Исаев.

Жиын соңында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлерінен нақты жауап алды. Мұндай кездесулер жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға және қауіпсіз ортаны қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып отыр. 


    
Камилла ҚҰРМАНҒАЗИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT