«Сандар әлеміндегі ғажайыптар»

 

Аудандық білім бөлімі тәрбие бағыты аясында жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтар мен отансүйгіштік рухты сіңіру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Соның  ішінде мектепке дейінгі тәрбие ошақтарында жас ұрпақтың  бойына тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отансүйгіштік рухты сіңіру ең алдымен бөбекжай-бақшадан басталады. 

Осы орайда «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасындағы мектепалды «Ертегілер» тобы тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне арналған әрі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелейтін іс-шара өтті.

Мемлекеттік Әнұранмен басталған жиында тәуелсіздік, ұлттық құндылықтар туралы тағылымды ақпараттар айтылып, кішкентай бүлдіршіндердің тарихи сана – сезімін қалыптастыруға ерекше мән берілді.

 

 

Ал екінші күні аталған топ арасында ашық сабақ ұйымдастырылды. Сабақ барысында балалар түрлі іс-әрекеттер арқылы өз қабілеттерін жаңа қырынан таныта білді. Алдымен бүлдіршіндер «сандар әлеміндегі ғажайыптарға» сая-хат жасап, есептер шығарып, сандарды реттілігімен атап өтті. Бұл тапсырмалар арқылы олардың логикалық ойлау қабілеті мен танымдық белсенділігі артты.

 

 

Ал келесі кезеңде «Бала қиялындағы бояулар» тақырыбында шығармашылық жұмыс жүргізілді. Балалар сурет салып, құрастырып, жапсыру арқылы өз ой-қиялдарын еркін жеткізіп, эстетикалық талғамдарын көрсетті.

 

 

Ал соңғы кезең «Пішіндер станциясы» деп аталып, тәрбиеленушілер түрлі геометриялық фигураларды атап, олардың ерекшеліктерін  ажырата білді. Ойын түрінде ұйымдастырылған бұл бөлім балалардың қызығушылығын арттырып, зейінін шоғырландыруға мүмкіндік берді. Осылайша, топ тәрбиешілері Ж.Нығыметоллақызы мен П.Қалыбекқызының ұйымдастыруымен өткен сабақтар мазмұны мен тағылымы терең, балаларға берері мол іс-шаралар ретінде жоғары деңгейде өтті. 

 

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT