Сапалы медицина - әр азаматтың құқығы

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында еліміздегі медицина саласын жаңғырту мәселесіне ерекше мән берілді. Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда денсаулық сақтау нысандары кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр. Бұл жұмыс тек қалалық жерлермен шектелмей, ауыл-аймақтардағы фельдшерлік-акушерлік пункттерді де қамтып отыр. Бұл – ел аумағындағы медициналық теңсіздікті жоюға, әрбір азаматқа сапалы медициналық қызметті қолжетімді етуге бағытталған маңызды қадам.

Ауыл тұрғындары үшін алғашқы медициналық көмектің сапалы әрі уақытылы көрсетілуі өмірлік маңызға ие. Сондықтан шалғай ауылдарда жаңа медициналық мекемелер салу, қолданыстағыларын жөндеу және оларды заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету – өте өзекті. Сонымен қатар, ірі қалалардағы мамандандырылған ауруханалардың да жаңғыруы – күрделі сырқаттарды емдеудің тиімділігін арттыруға және отандық медицинаның деңгейін көтеруге жол ашады.

Бұл бастамалар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, жалпы ұлт саулығын нығайтуға бағытталған. Қазіргі заманның талабына сай, медицина саласы үнемі дамып, жаңарып отыруы тиіс. Осы орайда мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау – денсаулық сақтау жүйесін халықаралық стандарттарға жақындатуға, дәрігерлердің кәсіби деңгейін арттыруға, науқастарға тиімді жағдай жасауға септігін тигізеді.

Жалпы, медициналық инфрақұрылымды дамыту – бұл тек денсаулық сақтау мәселесі емес, бұл – ел болашағының кепілі.

 

Ерлан МАХСОТОВ

Жанбай ауылының әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT