«Сапасыз» қызметкерлер қысқарады

2020 жылдың 1 қыркүйек күні Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын жариялап, елімізді одан әрі дамыту стратегиясымен таныстырды.

Жолдауда Елдегі барлық салалар қамтылып, шешу жолдарына нұсқау көрсеттілді және онда негізгі бағыттардың бірі, мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын жетілдіру, қағазбастылықтан құтылу мәселелеріне назар аударылды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы «сапасыз» мемлекеттік қызметкерлерді 2020 жылы 10%-ға, 2021 жылы 15% қысқартып, халыққа оңтайландыру үшін мемлекеттік қызметкерлердің атқаратын қызметін онлайн форматта қол жетімді қылу керектігіне тоқталды. Бұл мәселе менің ойымша өте орынды, қазіргі цифрлық заманда қарапайым халықты бос әуреге салмай, өздеріне керекті қызметті алу үшін оңайлату болып табылады.

Мемлекет басшысының пікірінше, заң үстемдігі мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпейінше әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір аспектісін табысты жүзеге асыру мүмкін емес. Алдымызда мемлекеттің азаматтарға қызмет етуінің жаңа стандарттарын әзірлеу бойынша ауқымды жұмыс бар. Бұл істе маңызды рөл атқаратын құқық қорғау органдары мен сот жүйесін үлкен реформалар күтіп тұр деп атап өтті.

«Бүгін мен бүкіл қоғам алдында дағдарыс жағдайында атқарылатын іс-шаралардың жоспарын баяндадым. Оның жемісті жүзеге асуы әрқайсымызға байланысты. Баршамыз өз-өзімізді дамытуға күш салуымыз керек. Замана сынағы бізден үздіксіз қозғалысты, мықты күш-жігерді және табанды еңбекті талап етіп отыр. Сондықтан, еліміздің бақытты әрі жарқын келешегі әр азаматтың қажырлы қызметіне байланысты болмақ. Әр буынның маңдайына түрлі сынақ жазылған. Біз төл тарихымызда тағдырдың түрлі сынынан әрдайым сүрінбей өттік. Еліміз ең күрделі деген міндеттерді шеше алады. Біз бұған дайынбыз» деді Президент Жолдауында. Әр адам мемлекетіміздің дамуына қажырлы еңбек етсе, біз дамыған мемлекеттерден кем түспейтін, әрқашан алдыңғы қатарда жүретін елге айналатынымызға кәміл сенемін.

Ж.Жандолова,

Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521