«Сақтансаң – сақтайды». Жанбайлық ардагер Құрбан айтқа қатысты пікір білдірді

Карантиндік шектеу шараларына байланысты Құрбан айт мерекесі көпшілік жағдайда тойланбайды. Бұл туралы көпшілік арасында сан қилы пікір бар.

Бірі ұлық мерекенің өз деңгейінде тойлануын қаласа, енді бірі қандай мейрам болмасын, ең алдымен талап пен тәртіптің керектігін алға тартады. Солардың бірі Жанбай ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзажан Балпанов дүние жүзін шарлаған пандемияға байланысты мешіттерде биыл Құрбан айт намазы оқылмайтындығына түсіністік таныту қажеттігін айтады.

- Облыстың бас имамының айтуынша, онлайн режимде құрбандық шалуға болатын көрінеді. Бұған біз үлкен түсінікпен қарауымыз керек. Құрбандық шалу ережесі сайтта көрсетілген және мейлінше жеңілдетілген. Осылайша, біз карантин талаптарын сақтауға міндеттіміз. Халықты да түсінуге болады. Бірақ заң талабы орындалуы тиіс. Үйге көп кісі шақырып, садақа, шектік секілді қаделерді жасауға мүлдем болмайды. Оның арты үлкен өкінішке әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан, ағайындар, шектеу шараларын сақтайық, - дейді ардагер.

Аяпберген САЛИХОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521