Сақтыққа салғырт қарау көп

Карантиндік шектеу шаралары күшінде дегенімізбен, бүгінде тұрғындардың көбі қаннен қаперсіз күйде. Басқасын айтпағанда, сауда нүктелерінде немқұрайлылық басым. Сақтық шараларына немкетті қарау көп.

Бұған дүйсенбі күні аудандық мониторингтік топтың кезекті рейд шарасында көз жеткіздік. Дүкендерге тұтынушылардың медициналық маскасыз емін-еркін кіріп-шығып жүргенін көріп, мобильдік топ мүшелері бірқатар кәсіпкерлік нысан қызметкерлеріне ескерту жасады. Одан бөлек, есік тұтқаларына оралған дәкелер мен дизенфекциялық төсеніштердің құрғап, шаңы шығып жатқанын байқадық.

Исатай аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы Айзада Қуандықова тиісті санитарлық талаптарды сақтауды ескертсе, аудандық кәсіпкерлерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрберген Өтегенов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағасына мән беруді тапсырды.

Нысан иелері бұл жолы да олқылықтардың орнын толтырамыз деп уәделерін үйіп-төкті.

«Сақтансаң, сақтайды» деген, шектеу шараларын бұзғандарға енді ескерту беріле бермеуі мүмкін. Оның айыппұл көлемі де аса жеңіл емес. Сондықтан, абай болайық.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521