Атырау қаласындағы «Сарайшық» базарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің сенбілік жәрмеңкесі басталды.
Жәрмеңкеде қала маңындағы шаруашылықтардың бақша өнімдері тиімді бағада сатылып жатыр. Жергілікті балғын өнімдерге сұраныс өте жақсы.
«Бақша байлық – бір айлық» демекші ерте көктемде егін салып, күзде мол өнім алған, оны делдалсыз халыққа қолжетімді бағамен жеткізген шаруагерлерде ырза.
Жәрмеңке жексенбі күні де жалғасын тауып, жұмысбасты қала халын тағы бір қуантпақшы.
Салтанат Сансызбай