"Сардар-2023" ҰЛАНДАР СЫНҒА ТҮСТІ

«Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған.

Батырлық деген, ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім - тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы - тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы- батыр халық», - деген Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының ұлғатты сөзі бар. Отансүйгіш, батыл да ержүрек әрі жан-жақты ұрпақ тәрбиелеу елдің болашағына жол ашпақ. Осы орайда   алғашқы  әскери және технологиялық дайындық пәнінің жас ұрпақ үшін маңызы жоғары. Себебі мықты мемлекеттің және  жастардың ұлттық сана-сезімін қалыптастырудың негізі болып табылады. Осы мақсатта аудандық білім бөлімі мен "Барыс" спорт клубының ұйымдастыруымен Исатай орта мектебінде "Сардар-2023" атты алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінен кешенді олимпиада өтті.

Олимпиадаға аудан мектептерінен 8 команда қатысып, 24 ұлан өзара бақ сынасты. Теориялық білім бөлімінде физика, математика,қазақ тілі, АӘТД пәндерінен тест тапсырмаларын орындаса, практикалық бөлімінде 100м, 2000м,белтемірге тартылу және «АК-74» қаруын бұзып-жинау нормативтерін орындады. Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі І орынды 248 ұпаймен Исатай орта мектебі, ІІ орын 186 ұпаймен Ю.Гагарин орта мектебі және ІІІ орын 164 ұпаймен Аққыстау орта мектебі ұландары иеленді. Аудан намысын облыста Исатай орта мектебінің ұландары қорғамақ.

 

 

Жайна МӘЛІМҚОЖА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521