Сатып алынған асыл тұқымды мал басының субсидия нормативі өсті!

сурет ғаламтордан

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» қағидаларына ағымдағы жылдың 20 қарашада енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, сатып алынған асыл тұқымды мал басының субсидия нормативі өсті.

Атап айтқанда:

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы
1.1. Ет және ет-сүт бағытындағы отандық асыл тұқымды тұқымдық бұқа сатып алу - 260 000 теңге;
2. Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:
2.1. Отандық - 260 000 теңге;
2.2. ТМД елдерінен, Украинадан әкелінген - 390 000 теңге;
2.3. Австралиядан, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінен, Еуропа елдерінен әкелінген - 525 000 теңге.

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы
1. Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:
2.1. Отандық - 350 000 теңге;
2.2. ТМД елдерінен, Украинадан әкелінген - 390 000 теңге;
2.3. Австралиядан, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінен, Еуропа елдерінен әкелінген - 700 000 теңге.

Қой шаруашылығы
1.    Отандық асыл тұқымды қой басын сатып алу - 26 000 теңге;
2.    Импортталған асыл тұқымды аналық қой басын сатып алу - 52 000 теңге;
3.    Импортталған асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар сатып алу - 260 000 теңге.
Өнімділік бағытындағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу - 175 000 теңге.
Асыл тұқымды тұқымдық түйелер сатып алу - 175 000 теңге.
Ешкілердің асыл тұқымды аналық басын сатып алу – 70 000 теңге.

Асыл тұқымды жануарлардың барлық түрлерін сатып алу бекітілген нормативке дейін, бірақ оның сатып алу құнының 50%-ынан аспайтын мөлшерде субсидияланады.

Бұйрық ағымдағы жылдың 5 желтоқсанда күшіне енеді және субсидия нормативі аталған күннен бастап өзгереді.

Субсидия алуға өтінім қабылдау subsidy.plem.kz ақпараттық жүйесі арқылы  ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан 20 желтоқсанына дейін (өтінім сатып алынған сәттен бастап он екі ай ішінде беріледі)) жүргізіледі. 


Атырау облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT