Саусақ ізін тапсыру міндеттеледі

ҚР-да «дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заң 2016 жылы қабылданған. Алайда саусақ іздерін тапсыруға қатысты норма тек 2024 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. 
Осыған орай, 2024 жылдан бастап Қазақстанның 16 жасқа толған барлық азаматы және елде тұрақты тұратын шетелдіктер саусақ ізін тапсыруға міндеттеледі. 12 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер дактилоскопиялық тіркеуден ерікті түрде өтеді.


Саусақ іздері не үшін қажет?:
Азаматтар халыққа қызмет көрсету орталығында жаңа паспорт немесе жеке куәлік жасатқан кезде ғана дактилоскопиялық тіркеуден өтеді. Мысалы, жарамдылық мерзімі аяқталып не жоғалып, құжатты қайта қалпына келтірген кезде саусақ ізін тапсыруға тура келеді. Құжат жасату процесі ХҚКО-да әдеттегідей өтеді, тек саусақ іздері алынатын болғандықтан 5-10 минуттай уақыт шамасы кететін болады.
Кімдер саусақ ізін тапсырмайды:
Қазақстанда жеке куәлік 16 жастан бастап берілетіндіктен, саусақ іздері де 16 жасқа толған азаматтардан алынады.
12 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер ерікті негіздер дактилоскопиялық тіркеуге жатады. Ал 12 жасқа толмаған балалардан саусақ ізі алынбайды.
Бұдан бөлек қос қолынан айырылған адамдар да дактилоскопиялық тіркеуден өтпейді.
Сонымен қатар, дене кемітігі бар адамдар, яғни екі қолында саусақтар жоқ немесе екі қолының саусақтарының тырнақ флангтарында папиллярлық үлгілер болмаса, олар дактилоскопиялық тіркеуден босатылады.
Саусақ іздері қалай қорғалады:
Саусақ іздері туралы ақпарат мәліметтер базасында электронды кодталған түрде сақталады.
Саусақ іздері туралы ақпарат толығымен иесіздендірілген. Бұл, дегеніміз, мәліметтер базасында саусақ ізінің тек сандық моделі және бірегей идентификатор болады. Онда дербес деректор, адамның аты-жөні және ЖСН (ИИН) жоқ. Жүйені иесіздендіру автоматты түрде жүреді.
Дактилоскопия халықтың өмірін қалай жеңілдетеді.
ІІМ саусақ іздерін тапсыру қазақстандықтардың өмірін біршама жеңілдетеді деп сендіріп отыр.
1-ден, дактилоскопия жалған құжат жасаудан, азаматтарды алаяқтық және өзге де қылмыстық әрекеттерден қорғауға мүмкіндік береді.
2-ден, күнделікті өмірде де, жазатайым оқиғалар кезінде де жеке басын куәландыратын құжаттарды қайта жасату рәсімен жеңілдетеді және жылдамдатады. Сондай-ақ, шетелде жүріп құжатын жоғалтқан азаматтардың да жеке басын анықтау процесін тездетеді. Жеке құжаттарға қосымша дактилоскопиялық деректер енгізілгеннен кейін үшінші тұлғалар, соның ішінде қылмыскерлер мұндай құжаттарды пайдалана алмайды.
3-ден, дактилоскопиялық тіркеу енгізілсе, Қазақстан азаматтары мемлекеттік шекарадан оңай өтеді. Мысалы, паспорт чипінде саусақ іздері болса, шекарадан өткен кезде оларды қайта тапсырудың қажеті жоқ. Бұл бүгінгі таңда ең дәл биометрия делінген.
4-ден, жоғалып кеткен қазақстандықтарды ел аумағында тұрақты тұратын немесе уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды іздестіру процесі жеделдейді.

Міндетті саусақ ізін тіркеуден өтуден бас тартқан жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 443-1 бабының талаптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы жөнінде ескертіледі.


       Р.Арыстанова

Исатай АПБ-нің Көші-қон қызметі тобының инспекторы

полиция аға лейтенанты

                   

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521