Саяси кеңес отырысы өтті

Өткен аптада «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, оған аудан әкімі Марат Мурзиев төрағалық жасады. Шараға аудандық саяси кеңес және депутаттық фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.

 

Жақында ғана елордада партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен партияның саяси кеңесінің отырысы өткен болатын. Ол жерде Елбасы партия жұмысын жандандыруға қатысты бірқатар нақты міндеттерді атап, «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам - «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты бағдарламаны көпшілік назарына ұсынған еді.

nurot2

Ол бойынша партия белсенділерін топтастыру, жемқорлықпен күресті күшейту, биліктің барлық деңгейінде партия жауапкершілігін арттыру және ақпараттық саясатты қайта қарай сияқты маңызды мәселелер көтерілген.

img-20190923-wa0044

Осыны негізге алған аудандық филиал біраз маңызды тапсырмалар бойынша кеңесу мақсатында бас қосты. 2 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын жүзеге асыру және аудандық партия филиалы жұмысын үйлестіру мәселелері бойынша филиал төрағасының бірінші орынбасары Айбатыр Бекішұлы баяндама жасады.

nurot4

Бұдан кейін жарыссөзге шыққан аудан прокуроры Руслан Айтимов және аудандық мәслихат депутаттары Лиза Мутянова мен Қарлығаш Сахибеденова ауданда атқарылып жатқан ілкімді істерге тоқталып, аталған жұмыстарды одан әрі дамыту және жетілдіру бойынша ұсыныстар берді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521