«Nur Otan» партиясы Исатай аудандық филиалының кезектен тыс XXХІІІ конференциясы өтті.
Конференцияның күн тәртібіне «Nur Otan» партиясы Исатай аудандық филиалы Саяси Кеңесінің құрамына өзгеріс енгізу туралы және «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер ұсынылды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша партияның аудандық филиалы Саяси Кеңесі құрамына өзгеріс енгізіліп, басқа мекенге жұмысқа ауысуына байланысты Дархан Ізғалиұлы, денсаулығына байланысты Аяпберген Сырымұлы Саяси Кеңес құрамынан шығарылып, олардың орнына партия мүшелері, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Жансих Ғатихұлы мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ботагөз Қуанқызы сайланды.
Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІ конференциясына партия мүшелері Марат Мурзиев, Айбатыр Бекішұлы, Нұрлан Мұханбеталиев, Ринат Есқали делегат болып сайланды.
Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА