САЯСИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАЛҒАСЫ

Осы елдің азаматы ретінде мен де елдің болашағына алаңдаймын. Сол себепті алдағы сайлаудан зор үміт күтіп отырмын. Себебі, содан кейін еліміздің саяси да, әлеуметтік те, экономикалық та дамуында үлкен өзгерістер орын алары сөзсіз.

Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында кезектен тыс Президенттік сайлау өткізуді ұсынып, Әділетті Қазақстан құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халыққа сенім мандаты қажет екенін атап өткені есімде. Соның ішінде Президент өкілеттігін 7 жылға әрі бірмезеттік қана етуі ойландырмай қоймады. Шындығында, бұл – өте батыл қадам деп санаймын. Елдің бар жауапкершілігін сенімді бір адам арқалап, сол арқылы тұрақтылыққа қол жеткізуге болатындай. Ал, еліміздегі тұрақтылық Президенттің 7 жылдық өкілеттігінде жатыр. Мәселен, дереккөздерден оқып білгенімдей, Президентті бір рет сайлау тәжірибесі Израиль, Мексика сынды елдерде бар екен. Сәйкесінше, ол республиканың даму стратегиясына оң әсерін тигізеді. Әрі, бұл да суперпрезиденттік басқару жүйесінен түбегейлі арылуға жол ашатын саяси үрдістің бірі.

Мен сайлаудың ашық әрі әділ өтетініне сенемін. Жариялылық бар жерде біз күткен әділетті қоғам да орнайды. Нәтижесінде экономика дамып, халықтың әл -ауқаты артып, тұрмыс сапасы жақсаратын серпінді жобалар жүзеге асады деген ойдамын. Сондықтан, баршамыз өз тағдырымыз үшін еліміздің ертеңі, береке-бірлігі, халқымыздың бақуатты тірлігі үшін дауыс беруіміз керек.

 

 

 

Нәсіпқали САҒЫНОВ,

Елтай ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы

сурет ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521