Сазанқұрақ кәсіпорыны ауруханға жаңа аппарат сыйлады

Мереке қарсаңында аудан аумағында орын тепкен «Сазанқұрақ» кәсіпорны ауандық ауруxанаға жүрек-қан тамырлары жүйелерін тексеретін 2 аппаратты сыйға тартты.

Халық үшін аса қажетті қондырғыларды тапсыру рәсіміне қатысқан аудан әкімі мемлекеттік-жеке серіктестік аясында қолға алынып жатқан оңды істерге өз бағасын беріп, аталған кәсіпорын мен оның басшысы, Атырау қалалық мәслихатының депутаты Әлібек Семғалиевке өзінің ырзашылығын білдіріп, өз атынан Алғыс хат табыс етті.

Аудандық орталық аурухана басшысы Бауыржан Төлегеннің айтуынша, бұл аппараттардың бірі түскен науқасқа шұғыл көмек көрсету қосынында орнатылса, бірі дәрігерлік бақылауда тұратын науқастарға қызмет көрсету кабинетіне орнатылады екен. Жалпы, экологиялық ахуалы көңіл көншітпейтін ауданымызда соңғы кездері жүрек-қан тамырлары, қан қысымы, қант диабеті ауруларымен ауыратындардың саны көбейе түскені байқалуда. Енді бұл аппараттар аурына шипа іздеп келген науқастарға толыққанды қызмет етеді деп сенеміз.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521