«Сазанкурак» кен орнында заң бұзушылықтар анықталды

Атырау облысы бойынша экология департаменті «Сазанкурак» ЖШС-нің қызметінде 2021 жылы 2 тексеріс жүргізіп, сарқынды суларда ластаушы заттардың асып кетуін анықтап, сарқынды суларын ағызып жiберуін тоқтату үшін сотқа талап-арыз берген.

Сотта «Сазанкурак» ЖШС-гі сулардағы ластаушы заттардың нормативтерінен асып кетуіне жол бермеужобасы дайындалуына орай, талап-арызды қанағаттандырусыз қалдырылды.

Аудан прокуратурасы аталған жобаны зерделеу нәтижесінде, жобада сарқынды сулардағы ластаушы заттарды нормативтерге сәйкестендіру жөнінде шаралар көзделмегені белгілі болды.

Яғни, «Сазанкурак» ЖШС-гі заң бұзушылықтарды жою бағытында шара қабылдамаған.Сол себептен аудан прокуратурасы Экология департаментіне заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынуды енгізіп, Экология департаменті Жоғарғы сотқа жүгініп, Жоғарғы сотпен 1-ші, 2-ші сатыдағы соттардың шешімдерінің күші жойылып, «Сазанкурак» ЖШС-нің сарқынды суларын ағызып жiберуі тоқтатылды.

Исатай ауданы прокуратурасы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521