Сексенге тақаған аққыстаулық әжей сайлау учаскесіне барып дауыс берді (+ВИДЕО)

Жасы сексенге тақаған аққыстаулық әжей Алма Мамаева сайлау учаскесіне аяқтай келіп дауыс берді.

Аққыстау ауылындағы 139-сайлау учаскесінде өз таңдауын жасаған әжені әңгімеге тартып көрдік. Ойын ашық жеткізген анамыз көзі ашық, көкірегі ояу, дені сау азаматтардың сайлаудан қалыс қалуын қате деп санайды.

- Жасым сексенге жақындаған зейнеткер болсам да, елдің жоғын жоқтайтын азаматтарды анықтау мақсатында болып жатқан саяси науқанға үн қосуға келдім. Ал, дауыс беруге қатыспау дұрыс емес сияқты. Өйткені, әр азамат өз елінің дамуына үн қосуы қажет деп есептеймін, - дейді ол.

Айта кетейік, Аққыстау ауылындағы 139-сайлау учаскесінде 1542 сайлаушы тіркелген.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз