«Сельхозтехникадан» тағы бір сауда нүктесі ашылды

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға қарамастан, кәсіпкерлік саланы дамытуда қабылданып жатқан мемлекеттік бағдарламалар өңірлерде өз мәнінде іске асырылуда.

Бұрын да халықты қамтып тұрған сауда нүктелері жетіп артылатын Исатай ауданының орталығында жуырда тағы бір сауда нүктесінің тұсауының кесілуі - соның дәлелі. Ол - "Ауылдық жердегі шағын және орта бизнесті несиелендіру" бағдарламасы шеңберінде 7 пайызбен жеңілдетілген несие алған кәсіпкер, "Дильназ" ЖК жетекшісі Мәншүк Сабированың азық-түлік дүкені.

Аққыстау ауылының "Сельхозтехника" мөлтекауданындағы сауда нүктелерінің саны тағы біреуге көбейгеніне тұрғындар да дән риза.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521