Сенат депутаттығына үміткер исатайлықтармен кездесті

Алдағы 12 тамыз күні - Қазақстан Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы. Ол саяси жұмыстарға қазірден бастап қызу дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Атырау облысы атынан аталмыш додаға түсетін 3 адам қазірден бастап таңдаушылармен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді бастап кетті. Соның бірі - Исатай ауданының тумасы, көп жылдар өндіріс және атқарушы орган саласында қызмет атқарған Лұқпанов Сағындық Есенғалиұлы бүгін аудандық «Жалын» мәдениет үйінде аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті.

3

Кездесуді жүргізген Исатай аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Мұханбеталиев аталған саяси доданың мән-маңызына тоқталып, жасалатын таңдаудың еліміздің дамуы үшін үлкен рөлі барын баса айтты.

Одан әрі таңдаушыларға өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, сауалдарға жауап берген С.Лұқпанов өзі туып-өскен Исатай ауданының облыс дамуында маңызының айрықша екенін айтып, даму динамикасына тоқталды.

3

Болашақ депутат ретінде денсаулық сақтау саласын дамыту, жас ұрпақты оқыту, озық экономика, өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыру, сайлаушылар алдындағы жауапкершілік салалары бойынша жұмыстанамын деп сендірген С.Лұқпановтың алдағы өңірдегі экология, қоршаған ортаның ластауы, нормативтік-құқықтық актілердегі алшақтық мәселелері де бас ашық қойылды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521