СЕНАТ САЙЛАУЫ: АТЫРАУДА АЛДЫН-АЛА МӘЛІМЕТ ЖАРИЯ БОЛДЫ

Өткен жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындау туралы Президент Жарлығы жарияланған болатын. Соған сәйкес, бүгін Атырауда да сайлау өтуде.


2017 жылы сайланған Сенат депутаттарының Конституциялық өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты бүгін еліміздің жоғары заң шығарушы органының жоғарғы палатасының депутаттарын сайлау өтуде.
Барлық деңгейдегі жергілікті мәслихат депутаттарының қатысуымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау бойынша таңдаушылармен бірлескен отырыс өтіп, күн тәртібінде бір мәселе - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау мәселесі қаралды.
Сенат депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде сайлаушылар-мәслихат депутаттары жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Оларды Қазақстан Республикасының азаматтары жалпы сайлауда сайлайды.
Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов жария еткен мәліметтер бойынша Атырау облысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына 6 кандидат ұсынылды.
Оның ішінде 1 кандидат сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына - сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмауына байланысты заңда қойылатын талаптарға сәйкес келмеді. Жалпы 5 кандидат тіркелді. Кейін 2 кандидатты тіркеу туралы шешімдердің күші жойылды. Оның себебі: кандидаттың бірі декларацияны тапсыру кезінде кандидат және оның зайыбы декларациялаған активтері мен міндеттемелері туралы мәлiметтердің анық еместiгiне байланысты және тағы бір кандидаттың жеке өтінішіне байланысты. Осылайша, облыс бойынша 3 кандидат тіркелді. Кәсіп түрі бойынша, 2 кандидат - мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері, 1 кандидат - мәслихат аппаратының қызметкері. Кандидаттардың орташа жасы - 57 жасты құрайды, барлығы да өзін-өзі ұсынушылар.
Облыс бойынша таңдаушылардың қатысу көрсетшікі 90 пайызды құрады. Барлық деңгейдегі 132 депутаттың 119-ы таңдау жасады.
Таңдаушылардың дауыс беруі нәтижесінде, дауыс саны шығарылып, алдын-ала мәліметтер жария етілді. Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы жарилаған мәліметтер бойынша кандидат Әлібек Нәутиев – 81, Ғилман Сәрсемалиев – 6 дауыс және Бақыт Шеркешбаева – 30 дауысқа ие болды. Бір бюллетень – жарамсыз, енді бірі «Бәріне қарсымын» бөлімін таңдаған.
Сайлау барысына саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің, кандидаттардың сенімді өкілдері ретінде тіркелген бірнеше байқаушы қатысты.
Айта кетейік, Парламент Сенатындағы 20 орынға 55 кандидат үміткер болып отыр. Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3167 мәслихат депутаты енгізілген.


Гүлжан ӘМІРОВА
Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521