Сенатор Ғ.Дүйсембаев Исатай ауданында болды

Өткен аптада ҚР Парламенті сенатының депутаты Ғұмар Дүйсембаев пен облыстық мәслихаттың хатшысы Өмірзақ Зинуллин іссапармен ауданымызда болды.

Сапарларын ауданның қақпасы – Х.Ерғалиев ауылынан бастаған халық қалаулылары ауылдық мәдениет үйінде Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу өткізді. Карантиндік шараларға сай адам саны шектеулі өткен жиында аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Мұханбеталиев қонақтарды таныстырып, оларға сөз кезегін ұсынды. Елдегі жағдайға байланысты жосапардағы жүздесуінің кейінге шегерілуі себепті сенатор ауыл тұрғындарымен сұхбаттасып, олардың ойларын білудің орайы бүгінге келіп тұрғанын айтты.

img_1437apa

- Сіздермен кездесудегі мақсатымыз – елдегі ахуалмен танысу, заңдағы болмаса басқа да өзгерістерге қатысты пікірлеріңізді білу, - дейді ол. Ел жүгін арқалағанына үшінші жыл болған сенат депутаты осы уақыт ішінде атқарған қызметтерін де қысқаша баяндап өтті. Тұрғындар тарапынан ұсыныс-пікірлер де айтылмай қалмады. Ауылішілік жолдардың құрылысын бастау, қысқы мал азығын дайындау жөініндегі ұсыныстары мен ауылға жазғы су құбырын тарту жөнінде пікірлер айтылып, сұрақтарға жауаптар берілді. Кездесуден соң Аққыстау ауылындағы дәріханаларды аралаған сенат депутаты дәрілердің шектік бағадан аспауын қадағалап, дәрінің жалпы қорымен танысты. Сондай-ақ, халық қалаулысы Аққыстау ауылындағы орталықтандырылған кәріз жүйесінің құрылысының жүру барысымен танысып, жобаның аяқталу уақытын білді. Қазіргі уақыттағы құрылыс жұмысындағы қиындықтар бойынша мердігер мекеме мен облыстық құрылыс басқармасының мамандарымен тілдесті.

Сенатор ұсыныс-пікірлердің елеусіз қалмайтындығын айтты.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521