ШӘКІРТТЕР ШАХМАТТАН СЫНҒА ТҮСТІ

Шахмат - бүгінде әлемдегі миллиондаған адамды өзіне тартатын танымал спорт ойыны, сонымен қатар ол адамдардың интеллектуалдық қабілетін арттыратын тамаша ми тренажері. Өткен аптада ауданда «Балалар жылы» аясында «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының ұйымдастыруымен спорттың осы түрінен 1-4 сынып окушылар арасында ауқымды шара өтті.

Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектеп директорының орынбасары Жасұлан Сатыбалдыұлы,  аудандық «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының басшысы Асхат Жұмабекұлы, арнайы Атырау қаласынан келген халықаралық дәрежедегі төреші, жаттықтырушы Бауыржан Бақытжанұлы, жас төреші Ержан Тастанбекұлы қонағы болған шараға аудан мектептерінің бастауыш сыныптарынан ең жас ойшылдар мен ойыншылар қатынасты.

d4ff0fc9-cc24-4333-a687-caf069e8abef

Алғашқы сөзді алған Жасұлан Сатыбалдыұлы сайыскер шәкірттерге сәттілік тілесе, Асхат Жұмабекұлы да құттықтау лебізін жалғастырып: -Адамның ой-қабілетін арттыруға көмектесуші, өмірлік қадамды ойланып барып жасауға үйретуші - шахмат ойыны. Алдағы қадамдарыңыз оң болып, жолдарыңыз ашық болсын! Спорттың осы түрінен де ауданның абыройын асқақтатар жеңімпаздары, әлем чемпиондары шықсын, - деді.

Жарыстың 1-кезеңі «Шахмат ойынының негіздерін оқыту» тақырыбындағы шеберлік сағатын өткізумен басталды. Оны жүргізген жаттықтырушы Бауыржан Бақытжанұлы өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті.

Оқушылардың командаралық жарысына жалғасқан 2-кезең барысында бұл шара туралы ұстаздар ойын да білмек болған біз Гагарин атындағы орта мектептің мұғалімі Зульфия Жұмаеваны әңгімеге тартқан едік. -Өскелең ұрпақтың ойлау қабілетін арттыруға, баланың бос уақытын тиімді пайдалануға шахматтың пайдасы ұшаң-теңіз. Сондықтан ауданымыздың әр ауылында шахмат үйірмелерін ашу керек. Әсіресе, баланы бастауыш сыныптан шахматқа баулыса ойлау қабілетін арттыруға көп пайдасы бар. Өзім осымен екінші жыл 3-4 сынып балаларын дайындап, додаға қосып жүрмін. Сондағы түйгенім, балаға неғұрлым ерте жастан шахматты үйретсе, болашақта шебер шахматшы шығатыны.

Бүгінгі шара ауданымызда өте жақсы дәрежеде үйымдастырылып жатыр. Семинар сабақтан да оқушылар көптеген мағлұматтар алып, ережелерімен етене танысты. Осындай шараны ұйымдастырған «Барыс» балалар- жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының басшысы Асхат Жұмабекұлына және жаттықтырушылар Ержан Тастанбекұлы мен Бекзада Меңдекенқызына ризашылығымды білдіремін, - дейді ұстаз.

 

618ecc9d-e89a-4091-b8b9-4d90c198a95e

Шахмат сайысы өз мәресіне жетіп, қорытындысы да белгілі болды. Ол бойынша жүлделі 1-орынды Ю.Гагарин атындағы орта мектеп (жетекшісі Зульфия Жұмаева), 2-орынды Новобогат орта мектебі (жетекшісі Бекзада Меңдекенова), 3-орынды Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектеп (жетекшісі Әлібек Жұмашев) командалары иеленді. Сонымен қатар тәжірибелік алмасудан өткен жас спортшыларға арнайы сертификаттар берілді.

                                                                                                                          

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521