ҮШ ОҚУШЫ БІРІНШІ ОРЫН АЛДЫ

9-11 сынып оқушылары арасында республикалық пәндік олимпиада өтті. Онда аудандық кезеңнен бірінші орын алған үш мектептің оқушысы жүлделі орындарға ие болды.

Мысалы, Новобогат орта мектебінің 9 сынып оқушысы Жігер Өтепқали Қазақстан тарихы пәнінен (жетекшісі Әсел Салауатқызы), Аққыстау орта мектебінің 9 сынып оқушысы Айзере Қуат қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен (жетекшісі Әмина Тастемірова), Өркен орта мектебінің оқушысы Дильназ Қапсихқызы, қазақ тілі мен әдебиет пәнінен (жетекшісі Айымгүл Салихова) бірінші орын алды. Сонымен қатар Өркен орта мектебінің 11 сынып оқушысы Дильназ Қапсихқызы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау  мемлекеттік университетінің грантына ие болды.                  

-Облыстық пәндік олимпиададан грант ұтқаныма қатты қуаныштымын. Қорытынды хаттама шығып,1-орынды иеленгенімді естігенімде,қуанышым қойныма сыймады.  Дайындықты негізі жақында бастадым. 9-сыныптан бері осы пән бойынша аудандық олимпиадаларға, облыстық байқауларға қатысу кезінде дайындалып келемін. 11-сыныпта ҰБТ-ны да осы пән бойынша тапсыратын болғандықтан, дайындығымды бұрынғыдан  да күшейтіп, қосымша ҰБТ-ға дайындаушыларға жазылдым. Сондай-ақ апайымның көрсеткен бағдары мен үйреткен білімдерінің септігі де тиіп жатыр. Сол себепті Анаргүл апайыма шын жүректен алғысымды білдіремін. Сондықтан білім алуға қызығушылығы артқан оқушыларды қолдауда белсене әрекет ететін «Дарын» орталығына (басшысы Сарбалин) және оқушыларды қолдап, грант табыстаған Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне көп-көп рахмет айтқым келеді. Қазір республикалық кезеңге дайындалу үстіндемін, сондай-ақ өзім сияқты олимпиада және байқауларға қатысушыларға сәттілік тілеймін,- дейді ол бізбен әңгімесінде.
                                                                                                     

Жұлдыз СЕМБИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521