Шахмат тақтасының шебері – 82 жаста

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт саулығының кепілі бұқаралық спортты дамытуға жиі көңіл бөліп келеді. Президент көтерген бастамалардың барлығы да халықтың денсаулығын жақсартып, әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда жастар ғана емес, қарттар да спортпен белсенді түрде айналысып жүр. Бұл – қуанарлық жайт.

Спорттың адам денсаулығына пайдасы зор екені белгілі. Соның ішінде шахмат ойыны – адамның ойлау қабілетін арттырып, зейінді күшейтетін, шыдамдылық пен сабырлылыққа тәрбиелейтін зияткерлік ойын. Біздің әңгімемізге де арқау болар исатайлық 82 жастағы Оразбек Жұмаев есімді ағамыз  – өмірлік тәжірибесі мол, елге еңбегі сіңген ардагерлердің бірі. Бүгінгі күні қария жасына қарамастан белсенді өмір салтын ұстанып, көпке үлгі болып келеді.

Білім саласында ұзақ жылдар абыроймен қызмет еткен Оразбек ағай  талай шәкірттің жүрегінен орын алған ұлағатты ұстаз. Ол – Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі, «Еңбек ардагері» медалінің иегері. Сонымен қатар Құрмет грамотасымен, облыстық және аудандық деңгейдегі түрлі марапаттарды иеленген.Ұстаздық жолымен қатар, ардагер ағамыз шахмат ойынына да ерекше қызығушылық танытып, оны өмірінің бір бөлшегіне айналдырған. Ақыл-ойды ұштайтын бұл спорт түріне жастайынан әуес болған ол қай қызметте жүрсе де шахматтан қол үзбеген.

 

 

Соның нәтижесінде аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі сайыстарда жүлделі орындарға ие болып, шахмат әлемінде өзіндік із қалдырды. Бүгінде де бұл зияткерлік ойынның насихатталуына, кейінгі буын арасында дамуына үлес қосып келеді. Еңбегімен елге сыйлы болған, өнер мен білімді, спортты қатар алып жүрген ардагердің өмір жолы – жастарға үлгі, ұрпаққа өнеге болмақ. Кейіпкеріміз туралы толығырақ таныстырып өтсек, Оразбек Жұмаұлы  1943 жылы қарапайым отбасында дүниеге келген. 

 

Жалғасы газеттің №30 (4243) санында

 

Сағыныш САЙЛАУБАЙҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT