Шалғай ауыл тұрғындары да дауыс беруде

Қызыл үй негізгі мектебінде орналасқан сайлау учаскесіне қарасты құм өңіріндегі Айбас,Бегайдарда тұратын тұрғындар үшін арнайы көлік қаралып, оған ілеспе жасайтын қызметкерлер қаралған.

№132 сайлау учаскесінің төрағасы Абай Имашевтың айтуынша олар дәл қазіргі сәтте жердің шалғайлығына қарамастан аталған барлық қоныстардың барлығына да барып, ондағы адамдарға да дауыс беру мүмкіндігін жасап жатыр.

Солардың бірі айбастық шаруақожалық иегері, зейнеткер Үміт Қазиева да саяси науқаннан қалыс қалмай өз таңдауын жасады.

Сайлау учаскесі төрағасы Абай Имашев бұл шараның өз маңыздылығын атап өтіп: «Біз үшін басты мақсат – сайлау процесіне барлық тұрғынды қатыстыру. Қашықтыққа қарамастан, әрбір азаматтың дауысы ескерілсін,»– деді.

 

Сағыныш ҚАЙЫР 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT