Бүгін Тұщықұдық ауылдық округінде өтіп жатқан әкім сайлауында тұрғындар белсенділік танытып отыр.
Қызылүй елді мекенінде орналасқан №132 сайлау учаскесінде де дауыс беру жүріп жатыр. Аталған учаске Қызылүй негізгі мектебінде орналасқан. Мұнда 337 сайлаушы тіркелген, оның 35-і үйден дауыс беруге өтініш білдірген.
Сайлау комиссиясының төрағасы Абай Имашовтың айтуынша, ауыл шаруашылығымен айналысатын азаматтар да сайлауға ерекше жауапкершілікпен келе бастаған. Солардың алғашқысы — Ахмет Қабдірашиев. Ол өз таңдауын жасап, ауылдың болашағы үшін дауыс берудің маңызын атап өтті.
Сағыныш Сайлаубайқызы