Ж.Мырзағалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде 11-сынып түлектеріне аттестат тапсыруға арналған салтанатты жиын жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аталған шараға мектеп ұжымы, ата-аналар, құрметті қонақтар – Исатай ауданының әкімі Нұрым Бекежанұлы мен аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлайна Махмудақызы қатысты.
Құттықтау сөз кезегін алған аудан әкімі , 11 жыл бойы білім нәрімен сусындаған шәкірттеріне жүрекжарды тілегін арнап, жалпы орта білім туралы аттестатты табыстау рәсімін бастады. Биылғы оқу жылында аталмыш білім ордасын 68 түлек бітіріп, мемлекеттік емтихан сынағынан өтіп жатыр.
Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымы оқу озаттары мен белсенді түлектерге ерекше құрмет көрсетті. Солардың ішінде “Алтын белгі” иегерлері Жолдыбай Ақерке, Алпысбай Әсем, Меңдібекұлы Шыңғыс, Қобыландыұлы Мансур, Асан Ринат және Ерболқызы Дильназ білім мен тәртіпте үздік болудың үлгісін көрсетті.
Сонымен қатар, “Үздік аттестат” иегері атанған Бақтыгерей Нұрлан, Мерей Мадина, Самиғолла Дана, Мұратқызы Шұғыла, Ғизат Тұрар және Қанатжанұлы Нұрәли сынды озат оқушылар көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Салтанатты шара барысында сөз алған аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлайна Махмудақызы мен мектеп директоры Жасұлан Сатыбалдыұлы жас түлектерге жүрекжарды тілегін арнап, болашақ өмір жолында биік белестерді бағындыруларына сәттілік тіледі.
Салтанатты жиын барысында түлектер атынан сөз сөйлеген ата-аналар мен сынып жетекшілері де жүрекжарды лебіздерін білдіріп, жас түлектердің мектеп қабырғасынан алған білімі мен тәрбиесін өмірлік жолда серік етуге шақырды. Ата-аналар атынан сөз алған «Үздік аттестат» иегері Меңдібекұлы Шыңғыстың ата-анасы ұстаздарға алғысын жеткізіп, жас түлектерге ақ жол тіледі. Сынып жетекшілерінің атынан Балауса Мақсотқызы түлектерге деген шексіз сенімін білдіріп, әрқайсысының өмір жолында жарқын тұлға боларына сенім артты.
Балауса балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басқан түлектерге арналған бұл күн – әркімнің жүрегінде мәңгі сақталары анық. Армандары асқақ, болашағы жарқын болсын, жас түлек!
Камилла КАКИМҚЫЗЫ