Шекара - ел қорғаны

«Әр нәрсенің бағасын білген жақсы. Ата-бабаларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап қалған байтақ жерімізді Тәуелсіздіктің арқасында заңдастырып, шекараны шегендеу арқылы ұрпақтарымыздың алаңсыз өмір сүріп, жасампаздық жұмыспен айналасуына мүмкіндік беретін жағдай жасай алғанымыз - баға жеткісіз бақыт.

Мәңгілік Ел құрудың бір шарты да осы» деген болатын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бір сұхбатында. Ата-бабамыздан мұраға қалған байтақ елімізде алаңсыз өмір сүру үшін әр қазақстандық Мемлекетіміздің Заңдарын жетік біліп, көздері ашық болуы тиіс. Сол себепті назарларыңызға «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Заңының баптарын ұсынамыз:

24-бап. Шекаралық белдеуге кіру, онда уақытша болу, тұру немесе жүріп-тұру және шекаралық белдеудің үстімен ұшуды жүзеге асыру

1. Адамдардың Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің рұқсатынсыз шекаралық белдеуге кіруіне, онда уақытша болуына, тұруына немесе жүріп-тұруына тыйым салынады.

2. Адамдардың шекаралық белдеуге кіруі жеке басын куәландыратын құжаттары және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі беретін арнайы рұқсаттамалары болған кезде сол үшін белгіленген орындарда жүзеге асырылады.

3. Жергілікті атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың басшыларын өз қызметтік міндеттерін орындаған кезде шекаралық белдеуге өткізу жеке басын куәландыратын құжаттар болған кезде сол үшін белгіленген орындарда жүзеге асырылады.

4. Өздеріне жүктелген міндеттерді атқарған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің авиациясы, бас-қа да уәкілетті органдардың авиациясы орындайтын ұшуды қоспағанда, халықаралық ұшуды орындамайтын әуе кемелеріне әуе кеңістігінде шекаралық белдеудің үстінен ұшуға тыйым салынады. Шекаралық белдеуде уәкілетті органдар авиациясының ұшуы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің рұқсатымен жүзеге асырылады.

5. Осы баптың 1 және 4-тармақтарында көзделген шектеулер шекаралық белдеудің сыртқы шекарасынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің инженерлік құрылыс-тары мен бөгеуіштері шебіне дейінгі жергілікті жер белдеуінде, сондай-ақ оның үстіндегі әуе кеңістігінде қолданылады.

6. Халықаралық ұшуды орындамайтын әуе кемелерінің әуе кеңістігінде шекара кеңістігінің өзге де аумағының үстінен ұшуы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін хабардар ете отырып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің рұқсатымен орындалады.

25-бап. Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу

1. Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар береді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны қорғау мүдделерін ескере отырып, осы Заңға сәйкес рұқсаттамалардың қолданылуына шектеу енгізуі немесе оны уақытша тоқтата тұруы мүмкін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне рұқсаттама алуға ұсынулар енгізу кезінде жеке және заңды тұлғалар кәсіпшілік және өзге де кемелерде, көлік және өзге де техникалық құралдарда пайдаланылатын жұмыс жүргізудің немесе іс-шаралар өткізудің сипаты, орны, қатысушылары, уақыты туралы, ал қажет болған жағдайларда, егер бұл шектес мемлекетпен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында ескертілсе, Мемлекеттік шекараны кесіп өту орны мен уақыты туралы мәліметтерді енгізеді.

3. Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде жүзеге асырылатын (жүргізілетін) шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызмет, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шаралар:

1) Қазақстан Республикасының, шектес мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне залал келтірмеуге немесе залал келтіру қатерін тудырмауға;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Мемлекеттік шекараны күтіп-ұстауына және міндеттерді орындауына кедергі жасамауға;

3) Мемлекеттік шекарада белгіленген тәртіпті бұзбауға тиіс.

4. Шекаралық белдеуде кәсіпшілік мақсатта аң аулауға тыйым салынады. Көрсетілген шектеулер шекаралық белдеудің сыртқы шекарасынан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің инженерлік-техникалық құралдарының сызығына дейінгі жергілікті жер белдеуінде де қолданылады.

5. Режимдік шектеулердің қолданысын оң экологиялық сараптама болған және су көздері санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай болған кезде уақытша тоқтата тұруға жол берілетін, шекаралық белдеуде орналасқан шекаралық өзендердің, көлдердің және өзге де су айдындарының суларындағы су алатын, суға шомылатын, жануарларды суаратын орындарды жергілікті атқарушы органдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі белгілейді.

47-бап. Шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың кемежайлары, айлақтары және орналасу пункттері

1. Каспий теңізінің жағалауы маңындағы, шекаралық өзендердің, көлдердің және өзге де су айдындарының жағаларындағы қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелерге (құралдарға) және мұз үстімен жылжитын құралдарға арналған кемежайларды, айлақтарды және орналасу пункттерін тиісті жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен келісілген рұқсаттары негізінде ұйымдар жабдықтайды.

2. Кемежайлардың, айлақтардың және орналасу пункттерінің:

1) аумаққа бөгде адамдардың кіру мүмкіндігін болғызбайтын қоршалымы;

2) суда және жағада тұратын шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелер (құралдар) және мұз үстімен жылжитын құралдар үшін бекіткіштері, сондай-ақ оларды сақтауға арналған орындары;

3) аспалы моторларды, желкендерді және ескектерді сақтайтын арнайы үй-жайлары;

4) күзетке арналған үй-жайлары;

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің тиісті бөлімшесімен байланыс құралдары болуға тиіс.

3. Ұйымдардың басшылары – кемежайлардың, айлақтардың және орналасуға арналған орындардың меншік иелері оларды тиісті түрде жабдықтаумен, күзетпен және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің тиісті бөлімшесімен байланыс құралымен қамтамасыз етуге міндетті.

48-бап. Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың аумақтық суларға (теңізге) және ішкі суларға шығуы

1. Егер осы Заңмен өзгеше тәртіп белгіленбесе, қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың аумақтық суларға (теңізге) және ішкі суларға шығуы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі беретін рұқсаттамалар негізінде жүргізіледі.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне рұқсаттамаларды алуға ұсынулар енгізу кезінде жеке және заңды тұлғалар шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың аумақтық суларға (теңізге) және ішкі суларға шығу мақсаттары, уақыты және маршруты (аудандары), олардың типтері және тіркеу нөмірлері, сондай-ақ тіркелімге алу орындары туралы мәліметтерді енгізеді. Енгізілетін ұсынулар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерімен келісілуге тиіс.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі шекаралық кеңістікте іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде рұқсаттамалардың қолданысын шектеуге немесе уақытша тоқтата тұруға құқылы, бұл туралы мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар хабардар етіледі.

4. Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың аумақтық суларға (теңізге) және ішкі суларға шығуына, егер осы кемелерге (құралдарға) қатысты күтіп-ұстаудың өзгеше тәртібі айқындалмаса, тек қана тәуліктің жарық уақытында олар тіркелімге алынған орындар бойынша кемежайларға, айлақтарға және орналасу орындарына не жағалау маңына қараңғы түскенге дейін оралғанда рұқсат беріледі.

5. Аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда өз құзыреті шегінде міндеттерді орындайтын өзге де уәкілетті органдардың (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінен басқа) өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелері (құралдары) және мұз үстімен жылжитын құралдары өздерінің шығуы туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін көрсетілген акваторияларда тәуліктің кез келген уақытында шығар алдында хабардар етеді.

6. Жергілікті атқарушы органдардың және ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумақтық ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарымен келісілген ұсынулары бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл сайын режимдік шектеулердің қолданысы тоқтатыла тұратын – екі мильге дейінгі арақашықтықта теңізге еркін шығуға, белгіленген акваторияда жеке және заңды тұлғалар демалыс, туризм және спорт үшін пайдаланатын қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жүзуіне және (немесе) пайдаланылуына жол берілетін Каспий теңізінің жағалауы маңы учаскелерінің тізбесін белгілейді.

7. Шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың күтіп-ұсталуын, аумақтық суларға (теңізге) және ішкі суларға шығуын (шығарылуын), орналасу пункттеріне қайта оралуын есепке алуды бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктеледі. Қандай жағдай орын алмасын, Шекара қызметіне мемлекеттік шекараны сызатсыз күзету міндеті жүктелгенін ұмытпауымыз керек. Мұхтар ҚАНАБЕКОВ, 2016 әскери бөлімінің командирі, подполковник

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521