Шектеулер жеңілдегенімен, негізгі талаптар күшінде

Сейсенбі күні облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 15 тамыздағы №62 Қаулысын халыққа кеңінен таныстыру мақсатында газетіміздің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы арқылы онлайн брифинг ұйымдастырылды.

Онлайн мәслихатқа кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, аудандық полиция, білім бөлімдерінің басшы, мамандары қатысты.

Брифингте облыс аумағында коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында шектеу шараларының ұзартылғандығы, сонымен қатар Қаулыда көрсетілген жеңілдетілген шаралар толық түсіндірілді. Тұрғындар тарапынан да көптеген сұрақтар қойылды. Фейсбук, телеграмм, WhatApp желілері арқылы жолданған 30-дан астам сұраққа спикерлер тарапынан тұшымды жауаптар берілді. Тұрғындардың бірі жаңа Қаулыға сәйкес кәсіпкерлік нысандардың жұмыс уақытын білгісі келсе, енді бірі мерекелік жиындар жайлы білгісі келеді. Мектеп, балабақшалардың жұмысы, такси қызметін көрсетуші кәсіпкерлерге қатысты да сауалдар жолданды.

Айта кетейік, карантиндік шаралар жеңілдетілгенімен, әлі де негізгі талаптар өз күшінде. Олар – отбасылық шаралардың өтпеуі, кешкі 23.00-ден кейін қызметтік анықтамасыз көшеде жүрмеу, бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, т.б..

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT