Шешім қабылдағанда жұрттың пікірін ескеру қажет – Президент

Мемлекет басшысы Түркістанда өтіп жатқан құрылтайда мемлекеттік саясатта талдау, сараптама жасау қызметі сапалы жүргізілуге тиіс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қоғам тынысы әрдайым назарда болу керек екенін жеткізді.

Президенттің айтуынша, шешім қабылдағанда жұрттың ұсыныс-тілектерін, пікірін ескеру қажет.

Барлық құзырлы органдар осындай тәсілмен жұмыс істеуге міндетті. Мен мұны үнемі айтып жүрмін. Түптеп келгенде, бұл – тұрақтылық пен тыныштықтың, өсіп-өркендеудің кепілі. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының мән-маңызы, өзегі – осында. Қазір әлеуметтік зерттеу жүргізу үшін түрлі мекемелерге қыруар қаржы бөлінеді. Бірақ, жұмыс жүйелі емес, сондықтан нәтижесі күмәнді болып шығады. Бұл жұмысты бір жерден ұйымдастырып, кешенді түрде жүргізу керек, -деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, сараптау-талдау қызметін тиімді жүргізетін мықты орталықтар желісі қажет екенін жеткізді.

Бұл құрылымдар сапалы әрі сұранысқа ие интеллектуалды өнім ұсынуға тиіс. Еліміз идеологиялық дербестігін сақтау үшін мұның айрықша мән-маңызы бар. Сараптама орталықтары еліміз егемендік кезеңінде жүріп өткен жолдың әр бағытын зерттеуге тиіс. Кемшіліктердің себеп-салдарын анықтау қажет. Үкімет жаңа жоспар жасағанда осы факторлар ескерілуі керек. Ғылым мен зерттеуге негізделген саясат табысты болады,-деді Президент.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521