Шетелдік көлікті заңдастыру: Атыраулық азамат алғаш болып шетелдік көлігіне 200 мың теңгеге мемлекеттік нөмір алды

23 қаңтар күні, яғни бүгін Атырау қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында шетелдік көліктерді заңдастыру бойынша қызмет көрсету басталды.

Жұмыс күні басталғаннан мұнда жиналған шетелдік көлігі бар азаматтар жинала бастап, электронды талон арқылы кезек алды. Азаматтардан сұралатын құжаттар:

- мемлекеттік өтінім;
- өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
- көлік құралының паспорты немесе тіркеу туралы куәлік;
- көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат.

Ал, қойылатын басты талап:

- автокөлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек;
- криминалдық есепте болмауы керек;
- басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс;
- еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі қажет.

Алғашқы болып шетелдіктік көлігіне мемлекеттік нөмір таққан Аманғали Ислам есімді атыраулық темір тұлпарын 2016 жылы әкелгеннен бері заңдастыруды ойлап жүрген. Алайда, қажет құжаттар мен қаражаттың әкелген көлігінің суммасынан да асып кететінін білгенде райынан айныған екен. Ал, мемлекет тарапынан осындай қолдаудың бары туралы хабарламаны естігенде заңдастырудың басталуын асыға күткен.

Заңдастыру талаптарына сай, құжат тапсырған соң нәтижесі арнайы базаға тіркеледі және көлік иесінің телефонына 1414 нөмірінен SMS жіберіледі. Онда қабылданған шешім нақты жазылады. Заңдастыруға рұқсат етілсе, мемлекеттік алымдар төлеу қажет.
Алғашқы тіркеу үшін – 200 000 теңге;
Техпаспорт үшін мемлекеттік БАЖ – 4 313 теңге;
Мемлекеттік нөмір – 9 660 теңге.

Одан соң көлік иесі шетелдік техпаспорт, меншік құқығын растайтын құжатты ХҚКО мамандарына тапсырады. Тіркеу бекітілгеннен кейін автокөлік иесіне ҚР тіркеу құжаты, мемлекеттік нөмір беріледі.

Шетелдік автокөліктердің заңдастыру үшін өтінім беру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Сайлау

ybory-2023-price

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика