Шикізат өндірумен шектелмейік

Президентіміздің Жолдауы қоғам дамуынан өзін бөліп қарамайтын әрбір азамат үшін қызығушылық тудыратыны айқын.

Әлемдік экономикадағы туындаған қиындықтар мен алып экономикалар арасындағы жаhандық сауда соғыстарының еліміздің экономикасына теріс ықпалының болмауы мүмкін емес екендігі де айдан анық.

Жолдауда бәсекеге қабілетті экономика құрудың басты тетіктерінің бірі ауыл шаруашылығын дамыту екендігі баса айтылды. Салада шешімі табылмай келе жатқан өзекті мәселелердің қатарында ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерге қол жеткізе алмау, ұзақ мерзімге берілетін «арзан несиенің» болмауы, кәсіби мамандар тапшылығы мәселелері Жолдауда қазіргі уақыттағы түйткілді мәселелеріміздің түйіндері ретінде нақты сараланған деуге негіз бар. Бұл төңіректе, әлі де болса шикізат өндірумен ғана шектелудің басымдылықта екендігіне сыни көзбен қарай отырып, өнім өндіру мен өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында шұғыл шаралар қабылдануы керектігі айтылғаны құптарлық.

Аманжол Рахметов,

аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы төрағасы депутат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521