Шілдеде жаңа футбол алаңы ашылады

Аққыстау ауылдық округіне қарасты Қаратүбек ықшам ауданындағы құрылысы біте келген жаңа футбол алаңы шілде айында пайдалануға беріледі.

Аққыстау ауылдық округ әкімі Ғ.Боранбаевтан білгеніміздей, жаңа спорт алаңының құрылысы толық аяқталуы жақын. Футбол алаңына жасанды жасыл төсеніш төселеді.

 - Қазіргі таңда округ аумағында 3 шағын футбол алаңы бар. Олардың барлығы аудан орталығында орналасқан. 4-ші болып, пайдалануға берілетін жаңа футбол алаңы осы Қаратүбек ықшам ауданының тұрғындары үшін қолайлы болмақ. Құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер мекеме «Аслим» ЖШС. Өз тарапымыздан мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын сапалы аяқтап, келісілген уақыт ішінде тапсыруды талап етіп отырмыз. Жұмыстың жүру барысы жіті бақылауда. Құрылысы біте келген футбол алаңы өте ыңғайлы, барлық жайлылық пен қауіпсіздік жағдайларына сәйкес келеді, - дейді округ әкімі.

Әділбек СЫРЫМОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз