Шөптің бағасы шарықтап барады

Көзі аз дүние атаулының бағасы аспандап шыға келетініне үйреніп болдық.

Қазір көршілес Құрманғазы ауданынан күн құрғатпай жеткізіліп жатқан пішен орамаларының бір данасы 6 мың теңге тұрса, жергілікті орама пішеннің бір данасы 7 мың теңгеге жетіп жығылды. Әрине, бұл арзан баға емес. Бірақ, соған қарамастан, алдағы қыстың қамын алдымен ойлаған ауылдас қолдағы қаржысына қарай қамтып қалуға құлықты. Нәтижесінде, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінен алынған мәліметке қарағанда, тамыздың 21-іне дейін аудандағы жеке және шаруа қожалықтары қажетті пішеннің 41494 тоннасымен қамтылған, бұл барлық керектісінің 58 пайызын құрап отыр.

Иә, қазір шабындықтардағы қимыл да қызып, ауыл-ауылдарда пішен жеткізіп жүрген тіркемелі трактор, қорапты «КамАЗ» автокөліктері көзге жиі шалынатын болды. Бәрі де сол қыстың қамы. Сосын, шілдедегі жауыннан кейінгі көтерілген сораң-соқпытқа қарап көңілін демдеген қырдағы шаруа күзгі жайылымның мол болуынан үмітті.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521