Атырау облысының «Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің облыстағы ауылдық ҮЕҰ-дың әлеуетін арттыру гранты бойынша ауданда «Шуақ» қолөнер шеберханасы жұмысын бастап кетті.
Ауылдық ҮЕҰ-дың бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру, қажеттіліктерін талдау мақсатында өткен жоба грантын біздің ауданнан үш бірдей жоба иелері ұтқан болатын.
Солардың бірі - «Алтын тұғыр» қоғамдық қорының жетекшісі Арайлым Қалиева: – «Шуақ» қолөнер шеберханасы жұмысы - негізінен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жоба. Мұнда Атырау қаласынан арнайы шақыртылған маман шеберханада тіркелген адамдармен жұмыс жасайды. Олар негізінен қазақи нақыштағы бұйымдар жасауды үйренеді. Екі ай көлемінде жалғасатын жобада мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдеу, олардың қажеттіліктерін талдау басты назарда болмақ. Қазіргі таңда шеберханада 15 адам өз білімдері мен тәжірибелерін шыңдауда.
Анаргүл Құсайынова