Шыңғысхан Жұмабай Әлем чемпионатында джиу-джитсудан қола еншіледі

2023 жылдың тамыз айының 20-25 аралығында Астана қаласында джиу-джитсудан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты болып өтті.

Аталған жарысқа әлемнің 48 елінін 1500-ға жуық спортшылар қатысты. Сондай-ақ, бұл жарысқа Исатай аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы  Шыңғысхан Жұмабай 55 салмақ дәрежесінде ұлттық құрамамен бірге бағын сынап, 5 кездесу өткізіп қола жүлдені иеленді. Бірінші қарсыласы ресейлік спортшыны ұтса, екінші қарсыласы Греция спортшысына есе жіберіп алып, 2 жұбаныш белдесуінде Қазақстандық және Ресейлік спортшыны тізе бүктіріп қола үшін тартыста Германия палуанын айқын басымдылықпен жеңді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521